"Соттың үкімі әділ болды": Нұрсұлтан Назарбаев немере інісі Сатыбалдының ісіне қатысты пікір білдірді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Соттың үкімі әділ болды деп ойлаймын. Егер адам оны әділетсіз деп санаса, қарсы шағым беруі керек, бәрін сот шешеді", - деп Назарбаев дауыс беруден кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды наурызда қамауға алынған. Оның үстінен КСО және "Қазақтелекомға" байланысты "алдау жолымен мүліктік залал келтірді", "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу не талан-таражға салды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған еді.
- "Иса да Иуданың сатқын екенін білмеген": Назарбаев Мәсімовке қатысты пікір білдірді
- Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді
Қайрат Сатыбалды – Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Сатыбалды Назарбаевтың (1947-1981) баласы.
Биыл қыркүйекте сот Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айырып, мүліктерін тәркілеуді үкім еткен, мемлекеттік қызметте кемінде он жыл істеуге тыйым салған.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады