Сотталған әйелді зорлап, бала таптырған: Түрме қызметкері қайта қамалатын болды
ШҚО-да жазасын өтеуші әйелді зорлады деп айыпталып, сотталған түрме қызметкері Руслан Хакимов қайта қамалатын болды. Ол таяуда шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстан облысының аппеляциялық сот алқасы Хакимовтың жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге көлемінде өтемақы өтемегеніне байланысты осындай шешім шығарған.
Мұның бәрі төрт жыл бұрын, Слекишинаның өзі «Қарақшылық» бабы бойынша түрмеге түскен кезде болды. Слекишинаның айтуынша, түрмеде қорлау басталған. Азаптаушы лауазымын асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткен тергеу изоляторының төрт қызметкері айыпталды. Бірақ біреуі жазаланды, ол бақылаушы Руслан Хакимов. Сот анықтағандай, жәбірленуші қыз баланы өмірге әкелді. Әкесі екені дәлелденген Хакимов тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Төрт жылдан кейін қалған мерзім бостандықты шектеуге ауыстырылды. Мұнан кейін Наталья Слекишина сотқа шағым түсірді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”