Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сотта Нүкенованың қаза болған күні киген киімі көрсетілді (видео)

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сот отырысында Салтанат Нүкенованың қаза болған күні киген киімі алқабилерге көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Нүкенованың қазасынан кейін оның заттары ағасы Айтбек Амангелдіге сақтау үшін берілген. 

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Жанна Оразбақова алқабилерге марқұмның шалбарының өте тар екенін, оны аяқкиімі арқылы оңай шешіп алуы мүмкін емес екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Бишімбаевтың "Салтанат шалбарын аяқкиімінің үстінен шешіп алды" деп айтқанын еске салды.



Жанна Оразбақова Салтанаттың ақ көйлегіндегі түймелер жоғарыдан емес, төменнен жұлынғанын көрсетті.

Бишімбаевтың адвокаттары марқұмның қандай косметика қолданғанын сұрап, оның сөмкесінің ішіндегісін көрсетуді талап етті. Сөмке ішінде ерін далабы, қарындаштар мен қылқаламдар болды. Бірақ олардың арасынан бірде-бір люкс бренді табылмады.

Еске салайық, 15 сәуірдегі сот отырысында Қуандық Бишімбаев екінші айыпталушы Байжановтың бопсалап, қысым көрсетіп жатқанын айтты. Сондай-ақ экс-министрдің адвокаты Бишімбаевтың Байжановқа қаржылай тәуелді екенін жеткізді. 

Талқылау