Сот тұтас бір отбасыны өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласына енді кім жауапты екенін шешті

Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісі бойынша үкімді жариялау кезінде бес баласына қатысты шешім де шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төрағалық етуші судья Зарема Хамидуллина соттың сотталған адамның бес кәмелетке толмаған баласына қатысты бөлек шешім қабылдады
"Сот балалардың болашақ қамқорлығы мен орналастыруын Атырау облыстық білім беру департаментіне тапсыруды бұйырды. Сонымен қатар Қызылқоға ауданының әкімдігіне балалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін Жангелдин ауылында марқұмдардан қалған үйге мұрагерлік құқықтарын ресімдеу тапсырылды", – деді судья Зарема Хамидуллина.
Сұлтан Сәрсемәлиев бес баланың әкесі. Ең кішісі 2025 жылы туған.
Оқыңыз3 ақпанда аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы оларды мемлекеттік қамқорлыққа алу туралы шешім қабылдады. Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы оларға қамқорлық жасаған. Ең басында үш үлкен бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, ал екі кіші бала балалар үйіне жіберілді.
Кейінірек Атыраудағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында үш жастан тоғыз жасқа дейінгі төрт баланың тұрғаны, ал ең кіші бала мамандандырылған мекемеде тәрбиеленіп жатқаны белгілі болды.
Еске салсақ, тұтас бір отбасыны өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталған еді.
Оқиғаның мән-жайы
2025 жылғы желтоқсанда полицияға 66 жастағы ер адам – Мақсот Қарабалин, 64 жастағы әйел – Насип Өтешқалиева және олардың балалары – 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының із-түссіз жоғалғаны туралы хабар түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы мүшелері қараша айынан бері байланысқа шықпаған, олардың қайда екені белгісіз болған.
Төртеуі де хабар-ошарсыз кеткендер ретінде іздеуге жарияланды. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.
Биыл 6 қаңтарда тергеу әрекеттері барысында үйлердің бірінің шаруашылық құрылысынан Мақсот Қарабалин мен Насипа Өтешқалиева мәйіттері көмілген күйде табылды. Осыдан кейін іс кісі өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, жоғалған балаларды іздеу жалғасқан.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев – қаза тапқан отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге марқұмдардың кенже қызы да халықаралық іздеуге берілген. Бұған дейін ол күдіктімен некеде болған.
Күдікті Индонезияда ұсталды. Онымен бірге отбасының кенже қызының да жүргені анықталған. Ұсталғаннан кейін ер адам кінәсін мойындап, тергеуге жауап берді. Оның жауабы бойынша, жедел-тергеу тобы қайта тергеу әрекеттерін жүргізіп, Атыраудағы үйдің ауласынан бұрын хабар-ошарсыз кеткен Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтің мәйіттерін тапты.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме