"Тынығу сағатында ұйықтағым келмеді": Павлодарда балабақша тәрбиесшісі баланы ұрып жіберген
Павллодар облысында балабақша тәрбиешісі баланы ұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қаулы шыққан соң ол қызметінен босатылатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылдың 22 ақпанында Ю.Захарованың ата-анасы Ямышевский балабақшасының тәрбиешісі Г.Елдболдының үстінен шағым түсірген.
“4 ақпан күні тәрбиеші баланы ұрған. Содан кейін бала балабақшаға барғысы келмеген. Сол күнгі камерадағы деректер бұл фактіні растады”,- деп хабарлады Павлодар облысының білім басқармасы.
Бұл жағдайдан соң мекепке дейінгі мекеменің меңгерушісі Г.Қарабаева оқиғаны жергілікті полицияға хабарлаған. Кейін жауапты қызметкерлер балабақшаға тексеріс жүргізген. 7 ақпаннан бастап тәрбиешіге хаттама толтырылып, уақытша еңбекке жарамсыздық демалысына шығарылған.
2022 жылғы 14 ақпанда Павлодар аудандық сотының шешімімен Г.Елболды "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген соң балабақша тәрбиешісі қызметінен босатылатын болады.