Сот кофе ішетіндерге қатерлі ісік қаупі туралы ескертуді тапсырды
Калифорния соты Starbucks, 7-Eleven және басқа да кофе сатушыларға сусыннан пайда болатын қатерлі ісік туралы ескертуге міндеттеді.
Associated Press-тің жазуынша, соттың мұндай шешімге келуіне себеп: кофе дәндерін қуырған кезде пайда болатын акриламид – канцерогенді заты сусында сақталады.
Енді кофе сататын орындар мен дүкендерде кофенің қауіпті екені ескертілген жазба тұруы керек. Ол сатып алушылардың көзіне көрініп тұруға тиіс.
2010 жылы Лос-Анджелес Жоғары сотына коммерциялық емес кеңестен уытты препараттарға арналған білім және зерттеулер бойынша арыз түскен. Кеңес кофе сатушыларды кофенің қауіпті екені туралы “айқын және негізгі ескерту жасамады” деп айыптады.
Акриламид (концергенді зат) кофеде ғана емес барлық 120 градуста дайындалатын сусындарда және тағамдарда болады. Мысалы, бидай, қара бидай, сұлы мен астықта бар.
Бұдан бұрын, сот шешімімен америкалық Heinz, Frito-Lay компаниялары өнімдерінің дайындалу технологиясын өзгертті. Себебі, олардың өнімдерінде концентратты зат көп еді.
Бірақ ғалымдар, дәстүрлі нан тағамдары мен қуырылған картоптың орнын күріш пен жүгеріге ауыстыруға кеңес береді.
Тағы оқыңыз:
Арыстандар саяхаттап жүрген туристердің көлігіне секіріп мініп, бәрін шошытты (видео)
Рокфеллер отбасы бай болу үшін баланы қалай тәрбиелеу керегін айтты
Ол негізі былай болды: Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев өз әрекетін түсіндірді
18 жастағы қыз лотереядан өмірінің соңына дейін жетерлік ақша ұтып алды