Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рокфеллер отбасы бай болу үшін баланы қалай тәрбиелеу керегін айтты

Рокфеллер отбасы балалары бай болу үшін қалай тәрбиелеу керегін айтты. Олар ғасырлар бойы ата-бабасы жинаған қаржысын көбейтпесе азайтқан емес.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Рокфеллер өте ауқатты отбасы. Олардың қалай байығанын көпшілік біле бермейді. Rockefeller & Co компаниясының басшысы кіші Дэвид Рокфеллер өз отбасының балаларды тәрбиелеуге және олардың байлығын аттыруға көмектескен құндылықтар мен дәстүрлер туралы айтып берді.

Кіші Дэвид Рокфеллер тарихтағы алғашқы миллиардерлердің бірі Джон Рокфеллердің ұрпағы және Rockefeller & Co. компаниясының төрағасы.

Джон Рокфеллер Standard Oil компаниясының негізін қалаушы. Оның отбасы 1870 жылдан бастап байыды. Содан бері ғасырлар өтсе де қаржылары азайған емес.

Forbes-тың бағалауынша, 170 Рокфеллер ұрпағының әр қайсысының қаржы қоры 11 миллиард долларды құрайды.

Дэвида Рокфеллердің айтуынша, оларды мұндай жетістікке отбасының принциптері жетелеген.

1. Отбасылық кездесулер

Тұрақты кездесу – Рокфеллерлер отбасының үлкені де, жасы да ұстанатын міндетті ережелердің бірі.

“Біз жылына 2 рет отбасылық кездесу ұйымдастырамыз. Бір болмеде отбасымыздың 100 мүшесі болады, мысалы рождество кезінде кешкі аста”, – дейді Рокфеллер.

Кездесуді 21 жасқа толған кез келген Рокфеллер отбасының мүшесі ұйымдастыра алады. Онда маңызды мәселелер талқыланады, кейде кәскіпкерлік туралы әңгіме болады.

2. Отбасы тарихы

Дэвид Рокфеллер отбасылық тарихты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін айтты.

Олар атасының туып, өскен жеріне жиі барып тұрады екен.

3. Жалғыз отбасылық монополия болмауы керек

Яғни, отбасыда бір ғана компания болмауы керек. Отбасы мүшелерінің бір компанияны басқаруы қауіпті, дейді. 1911 жылы АҚШ билігі мұнай монополиясын бірнеше ұсақ фирмаға бөлуін талап еткен. Бұл шешім, Рокфеллер отбасы кәсібінің дамуына ғана емес, татулығына да пайдасын тигізді.

“Меніңше, біздің жолымыз болып кетті, мен бір кәсіпті басқарып отырмағанымызға қуанамын”, – дейді Рокфеллер.

4. Қайырымдылық

Отбасының жетістікке жетуінің бірден-бір кілті баланы кішкентайынан қайырымды болуға үйрету, дейді Дэвида Рокфеллер. Ол 10 жасында алғашқы рет қайырымдылық жасаған.
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр