Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы Наутсай шатқалына қар барысы келді (видео)

Шымкенттен 55 шақырым жердегі Наутсай  шатқалында таңғаларлық оқиға болды. Қар барысы адамдарға қонаққа келді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, TVK-ға сілтеме жасап.

Ол тез жылдамдықпен бақылау-өткізу бекетінің қиыршық тас жолын кесіп өтіп, жартасты тауларға қарай бет алды. Күзетші мобильді телефон камерасында түсіріп үлгерген, сонымен қоса, жануар бақылау камерасына да түсіп қалған.

“Күзетші Нуркен  Жеңісов таң намазын оқып болған сәтте сырқа қараса, барысты көрген. Ол телефонына түсіріп үлгеріпті”, – дейді “Алтын дән” демалыс аймағының қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары Нұрмахан Асқаров.

Әдетте қар барысы адамдардың көзіне көрінбей, жасырын өмір салтын ұстанады. Қазақстанда осыжануардың 130-дан астамы бар. Алайда, барыстардың жойылып кету қаупі бар. Ол Қызыл кіапқа енген.



Тағы оқыңыз >>>

Қазақстанның Қызыл кітабы: қандай жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген

 

Талқылау