Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пышақпен тамағын орып жіберген": Көкшетауда зейнеткерлерді өлтірді деп айыпталған жігіт абақтыда суицид жасады

Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деп айыпталған 25 жастағы азамат уақытша тергеу абақтысында суицид жасады. Қанды оқиғаға қатысты сот процесі басталатын күні Вадим Достов абақтыдан сотқа емес, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

пышақ

"Пышақпен тамағын орып жіберген. Тоқтаусыз қан кетіп, Вадим Достовты жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізуге тура келді", - деді Көкшетау қаласындағы тергеу абақтысы санитарлық бөлімінің  мейірбикесі Айман Әбілмәжінова.

Ал елді дүрліктірген қанды оқиға осыдан бес ай бұрын болған. Он баланың әке-шешесі, 87 және 78 жастағы Әкімбек, Құралай Бейсембаевтарды қаскөй терезеден кіріп, өз пәтерлерінде өлтіріп кеткен. Аяқ-қолын кесіп қинап, малша бауыздап, айуандық жасалған. Қарттардың алтын бұйымдарын тонап кеткен.

Осы қылмысқа қатысы бар деп қамауға алынған Вадим Достов сотқа келер алдында суицид жасап отыр. Қазір оның жағдайы орташа ауыр. Медициналық көмек керек болғандықтан, алғашқы сот отырысына келе алмаған. Сол себепті сот кейінге шегерілді.

Сотта қаскөймен бетпе-бет кездесеміз деп келген марқұмның балалары абақтыда осындай жағдайға жол берілгеніне күйінеді.

"Аяқ астынан өзіне қол салып отыр. Пышақты қайдан алған? Кім оған пышақ берді? Тап сот болардың алдында – таңертең өзіне қол салады, кеше емес, тура таңертең", - деді марқұмдардың ұлы Кәкім Бейсенбаев.

Талқылау