Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандырды

Жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевке қатысты істі алқабилер соты қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Астана қаласы ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сотқа Бишімбаев тарапы тиісті өтінішпен жүгінген. Оны судья Айжан Құлбаева қанағаттандырды.

"Сот сотталушы Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп санайды". Ашық сотта алқабилердің қатысуымен іс бойынша басты сот отырысы 27 наурыз күні сағат 10.00-ге белгіленді. Бір тізімнен 300 алқабиге кандидат шақырылады. Сотталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы істі қарау мерзіміне, іс сотқа келіп түскен күннен бастап алты айға дейін ұзартылады, – деді судья.

Фото: Астана қаласы ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Іс бойынша негізгі сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурызда өтеді.


Неліктен Бишімбаев алқабилер сотын сұратты? Оларды сатып алу мүмкін бе? 


Сот Бишімбаев тарапынан істі прокуратураға қайтарудан бас тартты, сондай-ақ бапты абайсызда адам өлтіру бабы бойынша адам өліміне әкеп соқтыру дәрежесіне өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырмады.

Сондай-ақ сот Салтанат Нүкенова өлтірілген мейрамхананың бейнебақылау камерасының бейнежазбасын іс материалдарынан алып тастау туралы өтінішті де қабылдамады.

Фото: Астана қаласы ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаев істі алқабилер сотында қарауды сұрап өтініш білдіргені туралы жазған едік. 

Талқылау