Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея дельфиндерден әскер жасақтап жатыр деп айыпталды

Солтүстік Корея дельфиндер мен басқада сүтқоректілерді әскери мақсатта жаттықтырып жатыр. Мұндай ақпаратты USNI News американлық басылымы спутниктен түсірілген суреттерге сілтеп жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

дельфин

Жарияланған кадрларда Нампхо әскери-теңіз базасының аумағында орналасқан сүтқоректілердің арнайы қорасы мен жаттығу кешені бейнеленген. Аталған нысандардың алғашқы суреттері 2015 жылы жасалған екен..

Басылым АҚШ-тың да осындай бағдарламаны дамытып жатқанын атап өтті. Теңіз жануарларын қолға үйрету, әскери тапсырманы орындауға баулуға кез келген елдің қалтасы көтермейді. Бүгінгі күні тек американдық және ресейлік әскери күштер сүтқоректілермен жұмыс істейді. АҚШ-та дельфиндер мен теңіз арыстандарын, ал Ресейде - дельфиндер, итбалықтар мен белугаларды жаттықтырады.



Осындай дәлелдерге қарамастан, басылым спутниктен түсірілген нысандар балық өсіру үшін пайдаланылуы мүмкін екенін айтты. Өйткені соңғы жылдары Солтүстік Корея балық фермаларын салумен белсенді айналысады екен. Алайда басылым фотосуретке түсірілген конструкциялар елдің басқа бөліктерінде орнатылғаннан өзгеше екенін атап өтті.

Теңіз сүтқоректілері су түбінен заттарды табуға және жарылғыш заттарды ажыратуға үйретілгенін атап өтті. Олар сондай-ақ өте тереңде орналасқан объектілерді тексеру үшін қолданылады.

Сонымен қатар, жануарлар әскери-теңіз базаларын диверсанттардан қорғай алады. Атап айтқанда, олар сүңгуірлерді алыстай байқауға қауқарлы. "Су түбінде адамдарға қарағанда дельфиндер мен итбалықтардың мүмкіндігі көп. Итбалықтардың қараңғы және бұлыңғыр, лайлы суды жақсы көретінін ескеру керек", - дейді шетелдік басылым. 

 

Талқылау