Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-бірімен сағынысып көріскен ит пен дельфиннің суреті жұртты тамсандырды

Әлеуметтік желіде Ганнер атты ит және оның ескі досы дельфин Дельта нағыз жұлдыздарға айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дельфин Флорида штатындағы Грасси Ки аралында Dolphin Research Center (дельфиндерді зерттеу орталығы) теңіз жағалауындағы қорықта өмір сүреді. 

 Иттің иесі осы ұйымда жұмыс істейді, сондықтан оны жиі өзімен жұмысына алып барады. Ит ол жерде судағы серігімен кездеседі.

"Ганнер дельфинге алғаш келгенде, ол үреді немесе қатты алаңдайды деп ойладым. Бірақ реакция мүлдем керісінше болды, ол жай жатып, бақылай бастады. Содан кейін мен Ганнерді өзіммен бірге алып келген сайын, Дельта әрқашан оған бірінші болып жүзіп келетінін байқай бастадым. Ол ойыншықтарын итке әкелді, Ганнер де олармен ойнауға тырысты", - деді Dolphin Research Center аға жаттықтырушысы және Ганнердің иесі Мари Блантон.



Ганнерді дельфиндерге алғаш әкелгенде, ол бар болғаны екі айлық еді. Қазір ит сегіз жаста, ал 11 жасар Дельтамен достық қарым-қатынас одан сайын нығая түсті. Олар сирек кездессе де,  әлі де бір-бірін таниды. Әдеттегідей, дельфин досына бірінші болып жүзіп келеді.

Айта кетейік, Ганнер мен Дельтаның оқиғасы _woollyback вирустық твиті арқылы танымал болды. Жігіт өзінің парақшасында достардың суретін жариялады. Көп ұзамай твит 1,2 млн лайк және шамамен 250 мың ретвит жинады.

Талқылау