Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорыққандықтан үйден шықпаймыз": СҚО-да түрмеден шыққан азамат бір ауылды үрейде ұстап отыр

Солтүстік Қазақстан облсындағы Саумалкөл ауылының тұрғындары бұрынғы зорлаушының кесірінен сыртқа шығуға қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Әсет Тіленбаев есімді ер адам екі әйелді ұрып-соққан. Зардап шеккендердің бірі - сатушы Татьяна Дзекелева.

"Ол дүкеннен менің артымнан еріп, үйімнің кіре берісіне келді, кіре берісте ол мені қатты ұрды, мен құладым, ұра бастады. Ерінім жырылып, басым, бүкіл денем  және бет жағым көгерді. Мені жедел жәрдем алып кетті, рентген түсіріп, алты тігіс салды", - деді жәбірленуші.

Сол кеште ер адам Махаббат Товстикке шабуыл жасады. Ол тамағына пышақ салып, ұрды.

"Менің аузым мен мұрнымды екі қолымен жауып, тұншықтыра бастады. Менің басымнан, содан кейін менің иегімнен ұрды, осы соққыдан құладым. Ол менің үстімнен еңкейіп тұрды, бетін көрдім, жұдырығымен көзімді ұрды, көрмей қалдым. Неге біз қорқынышпен өмір сүруіміз керек, барлық әйелдер мен балалар қорқады.  Ол бостандыққа шығады,  әрі қарай не болатынын, бұл адамның басында не бар екенін білмейміз", - деп еске алады әйел.



Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 20 тәулікке қамалды, бірақ көп ұзамай бұл мерзім аяқталады. Енді ауыл тұрғындары келесі шабуыл өліммен аяқталады деп қорқып, оларды бұзақылықтан қорғауды сұрайды. Оның үстіне, ауыл тұрғындарының айтуынша, ер адам түрмеде жазасын өтеген. Зорлағаны үшін сотталған.

"Сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан екі жәбірленушінің де денсаулығына жеңіл зиян келтіргені көрінеді. Егер сараптама денсаулыққа орташа немесе ауыр зиян келтіргенін дәлелдесе ғана қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, сондықтан ішкі істер органдары оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған", - деді СҚО Айыртау аудандық сотының судьясы Сәния Қойлыбаева.

Айыртау ауданының полицейлері бұзақыны босатқаннан кейін оны мұқият қадағалауға уәде берді. Бірақ ауыл тұрғындары бұған сенбейді. Адамдар бұл мәселе болашақта жеңіл соққылармен шектеліп қалмауы мүмкін деп қорқады:

"Өзіміздің, балалардың өмірі үшін, кеш жұмыс істейтін қызметкерлер үшін өте қорқынышты"

"Ер адамның зорлағаны үшін сотталған. Неліктен бұл ескерілмеді? Адамдар сыртқа, дүкенге немесе кешке шығуға қорқады, тіпті шамдар жанып тұрса да, адамдар шығуға қорқады".

Талқылау