Солтүстік ақ мүйізтұмсықтың соңғы аталығы өлді
Кенияда солтүстік африкалық ақ мүйізтұмсықтың әлемдегі жалғыз аталығы өлді. “Судан” аталып келген жануар ұзақ уақыт ауырып, 45 жыл өмір сүрді. Бұл туралы «Ol Pejeta» қорығының «Twitter» әлеуметтік желісінде жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазіргі уақытта жер бетінде солтүстік ақ мүйізтұмсықтың екі-ақ тұқымы қалған. Олар – Суданның қызы мен немересі Наджин және Фату атты екі ұрғашы мүйізтұмсық.
Қорықшылардың айтуынша, мүйізтұмсықтардың бұл түрін сақтап қалу үшін жасанды әдіске көшу керек. Бұл үшін оңтүстік ақ мүйізтұмсықтардың ұрғашысын суррогат ана ету қажет.
Ақ мүйізтұмсық өзі тұқымдастардың ішіндегі әрі пілден кейінгі ең ірі жануар. Олардың солтүстік және оңтүстік ақ мүйізтұмсық деген екі түрі бар. Суданның оңтүстіктегі «ағайындары» ОАР, Зимбабва, Мозамбик, Намибия сынды елдердің аумағында мекен еткенмен, қазір екі түр де браконьерліктің кесірінен жойылып кетудің алдында тұр.
Солтүстік мүйізтұмсықтарының салмағы 4,5 тонна, ұсындығы 4 мертге дейін жеткен.
Тағы оқыңыз:
Аурухананың алдына келіп жатып алған алып қолтырауын жұртты шошытты
АҚШ-та ер адам 4 жасар қызын жезөкшелікке мәжбүрлеп, сатып жібермек болған
Танымал актриса 2 миллион доллар тұратын жүзігін түнгі клубта жоғалтып алды
Сұлулық байқауының арулары шенеуніктер мен кәсіпкерлерге секс қызмет көрсеткендері үшін ұрысып қалды