Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғысты аяқтайтын уақыт келді": Байден Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы туралы мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Джо Байдан Израиль Газа секторындағы атысты тоқтату бойынша жаңа ұсыныстар айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

"Бұл соғысты аяқтайтын уақыт келді. Кепілге алынған әйелдер, қарттар мен жаралылар босатылуға тиіс. Оның орнына Израиль жүздеген палестиналық тұтқынды түрмеден босатқысы келеді", – деді президент Байден.

Сонымен қатар алты апталық бітім барысында Израиль мен ХАМАС өкілдері атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізеді деп болжанып отыр. 
Мәліметтерге сүйенсек, Израиль тарапы егер ХАМАС келісімдерді орындаса, соғыс біржола тоқтайтынын және Израиль әскері Газа секторындағы барлық елді мекеннен шығарылатынын баса айтты.



АҚШ президенті Израильдің жаңа ұсынысын "ұзаққа созылған атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату жол картасы" деп атады. Сонымен қатар ХАМАС "бұл келісімді қабылдауы керек" деп атап өтті. AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС бұл ұсынысқа "оң" бағасын берді.

Германияның сыртқы істер министрі Аннален Барбоктың пікірінше, Байденнің бұл ұсынысы үміт нұры болды және тығырықтан шығудың жолын көрсете алады. Осылайша, ХАМАС ұйымы қақтығысты тоқтатқысы келетінін дәлелдеу керек екені айтылды.

Еске салайық, АҚШ Рафахта әскери операция бастайтын болса, Израильге оқ-дәрі жеткізуді тоқтатамыз деп қорқытқаннан кейін, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тіпті жалаң қолмен де соғысуға дайын екенін жаздық.

Талқылау