"Соғыс тезірек аяқталсын": Айқын Украинаға ән арнады
Айқын Төлепберген Украина халқына ән арнап, қолдау білдірді. "Алматы Аренада" өткен концерт кезінде әнші украиналық "Океан Эльзы" тобының әндерін жанды дауыста шырқап, соғыстың тезірек аяқталуын тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Керемет, жанға рахат сыйлайтын кеш өтті. Барлық түскен қаржы Украинаға аударылады. Анығында, осы батыл мемлекеттің балаларына жіберіледі. Олар өз Отандарын қорғап, сыртқы агрессорға қарсы тұруда. Отан қандай болмасын, тәуелсіз елдің ішкі істеріне ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Тіпті, біздікі сияқты елдің де. Күн сайын екі тараптың да адамдары көз жұмып жатыр. Әсіресе бейбіт тұрғындарға обал. Украина жасасын", – деп жазды Айқын.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік