Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да Қазақстаннан өз егемендігін жариялаған бір топ азаматқа қарсы қылмыстық іс қозғалды (видео)

Бұған дейін өздерінің тәуелсіздігін жариялаған Солтүстік Қазақстанның "Халық кеңесі" деп аталатын топтың мүшелеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ско сепаратис

"Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде тіркелді, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп мәлімдеген СҚО полиция департаменті.

Бұған дейін Петропавлда өздерін белсенді етіп көрсеткен азаматтар Қазақстаннан өз тәуелсіздігін жариялаған еді.



"Біз - Петропавл қаласының еркін және жігерлі халқы, ерлер мен әйелдер, еңбек адамдары Қазақстан Республикасы корпорациясының жалған заңдық негізіне байланысты, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлардың жасалып жатқанын ескеріп, сондай-ақ оның агенттерінің әрекетсіздігі мен абыройсыздығынан біз жүйенің барлық құрылтайшылары мен қызметкерлеріне мүлкіміз бен ресурстарымызды басқаруға толық сенімсіздік білдіреміз. Біз, халық, тәуелсіздігімізді, автономиямызды, егемендігімізді жариялаймыз", - дейді желіде таралып кеткен видеода сөйлеп отырған әйел.

Айта кетейік, бейсенбіден жұмаға қараған түні желіде пайда болған бейнежазба көпшіліктің талқысына түсіп үлгерген.

Талқылау