Ақмола полициясы Қазақстанды Ресейге қосу идеясын қолдаған азаматтың сөзінен қылмыс құрамын таппаған
Ақмола облысының полициясы Атбасар қаласының тұрғыны Артем Абрамовтың Қазақстанның Ресей Федерациясына қосылу идеясын қолдауын қылмыс деп санамайтынын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізілді, қылмыстық әрекеттің белгілері байқалмайды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
- "Орал ежелден орыстың қаласы": Қазақстандық екі тұрғынның сепаратистік мәлімдемесінен кейін тергеу басталды
- "Орал мен Чапаевты басып алыңдар": БҚО-да чат-рулеткада арандатушылық мәлімдеме жасағандар ұсталды
Бұған дейін Атбасар қаласының тумасы Артем Абрамов чат-рулет қосымшасын пайдаланып украиналық блогердің бағдарламасында сөз сөйлеген. Онда ол мұндай жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылуын қолдайтынын мойындайды, сондай-ақ ол егер Ресей Украина жеріне басып кіргеніндей қазақ жерінде "арнайы операция" өткізуге шешім қабылдаса, Ресей жағында қару алып, қазақстандықтарға қарсы күресуге дайын екенін айтқан. Бұдан кейін желіге қайта шыққан Абрамов айтқан сөздері үшін кешірім сұрап, өзінің арандап қалғанын жеткізген.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"