Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтанда “СҚ-Фармацияның” бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Берік Шәріп

Есіл аудандық сотының судьясы Берік Шәріпті ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі  “Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша кінәлі деп тауып оған 1000 АЕК 2 797 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Ал ҚК-нің 361-бабы 4-бөлімі 3-тармағы “Лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдалану” бойынша ол кінәсіз деп табылды. 

Еске салсақ, бұған дейін “СК-Фармация" ұйымының бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтып, өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген болатын

“Әріптестерім коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде тұр. Сол себепті оны жұқтырмау мүмкін емес. Әлем бойынша дәрігерлер пандемияның басында да, қазір де жұқтырып жатыр. "СҚ-Фармация" да эпидемияға қарсы шараларға қатысты. Біздің әріптестеріміз де ауырды. Солардың біреуі 2020 жылы маусым айында 38 жаста қайтыс болды. Қашықтан жұмыс істеу қиынға соқты. Шекара жабық, қаржы тапшы. Дегенмен, біз қолдан келгенше амалын жасауға тырыстық", – деп атап көрсетті Шәріп.

Талқылау