Атырауда Sulpak дүкенінің қазандығында жарылыс болды
Атырауда Sulpak дүкенінің қазандығында жарылыс болып, жақын маңдағы тұрғын үйдің терезелерін ұшырып, екі көлікті зақымдады. Оқиға салдарынан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 29 қазан күні таңертең Атыраудағы "Авангард-2" шағын ауданында болған.
“Sulpak дүкенінің қазандығында газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыстың күшті болғаны сонша, жақын маңдағы тұрғын үйдің терезелері сынып, екі көлік зақымданды. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті де мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, қазандық үш қабатты ғимаратқа жапсарлас орналасқан. Одан небәрі 12 метр жерде тұрған көпқабатты тұрғын үйдің терезелері жарылыс салдарынан ұшып кеткен.

Сондай-ақ екі жеңіл көлік бүлінген. Жарылыстан кейін өрт шықпаған.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Апаттар медицинасы орталығының мамандары мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"