Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауапсыздық танытпадым": СК Фармацияның экс-басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтты

“СК-Фармация" ЖШС бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтты. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз хабарландыруды механикалық түрде орналастырып, денсаулық сақтау министрлігі мен ВАК-қа барлық елдердің жабық және тиісті ұсыныстар мен сатып алулар жоқ екенін айтып отырдық. Бірақ сол жағдайда да мен жауапсыздық танытпай, барлық шешімді өзім қабылдадым және ел үшін өте қиын уақытта барлығын өз мойныма алдым. Нәтижесінде 11,5 айдан астам уақыт бойы тергеу изоляторында отырмын", – деді "СК-Фармация" экс-басшысы”, – деді Шәріп Есіл аудандық сотында.

Оның айтуынша, сол кезде медицина қызметкерлерінің инфекцияны жұқтырмауы мүмкін емес болған. Себебі барша әлем әлі күнге дейін пандемиядан қорғану шараларын іздеп жатыр. Ал науқастармен тығыз жұмыс жасайтын дәрігерлердің вирусты жұқтыру қаупі жоғары.

"Әріптестерім коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде тұр. Сол себепті оны жұқтырмау мүмкін емес. Әлем бойынша дәрігерлер пандемияның басында да, қазір де жұқтырып жатыр. "СҚ-Фармация" да эпидемияға қарсы шараларға қатысты. Біздің әріптестеріміз де ауырды. Солардың біреуі 2020 жылы маусым айында 38 жаста қайтыс болды. Қашықтан жұмыс істеу қиынға соқты. Шекара жабық, қаржы тапшы. Дегенмен, біз қолдан келгенше амалын жасауға тырыстық", – деп атап көрсетті Шәріп.

Сот кезінде Берік Шәріпке "Inkar" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне лобби жасады" деген айып тағылған болатын. Дәл осы компания қорғаныс құралдарын сатып алумен айналысқан.

Ал Берік Шәріптің айтуынша, "Inkar" ЖШС ұсынған костюмдер барлық талапқа сай болды. Оған қоса, компания ең төмен бағаны ұсынды.

"Синофарм" және "Мехико" қорғаныс құралдарының қажетті көлемін ұсынған жоқ. 300 мың және 500 мың дана деді. Бізге екі миллион дана қажет болған. Ол екі компания бірде-бір куәлік көрсеткен жоқ. Бағасы да екі есе жоғары болды", – деп атап көрсетті Шәріп.

Былтыр дәрі-дәрмек тапшылығы да болды. Халық тұмауға қарсы және қызуды түсіретін препараттарды таба алмады. Сол үшін "СК-Фармацияны" айыптаған. Шәріп осы мәселеге қатысты да өз ойын айтты.

"Мені қамауға алғанда көбісі "СК-Фармация" басшысын дәрі-дәрмек тапшылығы мен гуманитарлық көмекті жымқыру үшін айыптап отыр деп ойлады. Бұқаралық ақпарат құралдары да солай жазды. Алайда "СҚ-Фармация" жеке меншік дәріханаларға қажетті препараттарды жеткізумен айналыспайды. Мұны бәріміз жақсы білеміз. Мен жұмыстан кеткеннен кейін ғана бірыңғай дистрибьюторға сондай өкілеттілік берілді", – дейді Шәріп.



Осы орайда ол сотқа дейінгі тергеу органдарының гуманитарлық көмекті де тексеріп шыққанын еске салды. "СК-Фармация" бәрін сол күйінде аймақтарға таратып берген.

"СК-Фармация" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп 2020 жылдың тамызында ұсталды. Ол пандемия уақытында медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрігерлердің вирус жұқтыруын күдіктінің заңсыз әрекетінің салдары деп атады.

4 тамызда "СК-Фармация" экс-басшысының ісі бойынша үкім шығарылады.

Талқылау