Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сіздің арқаңызда: Данэлия Төлешова Димаш Құдайбергенге алғыс айтты

Украинада өткен «Голос. Дiти» əн байқауында жеңіске жеткен 11 жасар Данэлия Төлешова аты әлемді шарлаған жерлесіміз Димаш Құдайбергенге алғыс айтты. Ол Димаштың ақ тілегінің арқасында шабыттана түсіп, мақсатына жеткенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Димашқа деген ризашылығын Данэлия желідегі парақшасында білдірді.

“Құрметті Димаш! Құттықтауыңызға көп рақмет! Байқаудың ең алғашқы кезеңінде маған айтқан тілегіңіз сенімділік пен күш сыйлады. Мақсатыма жетуге жігерлендірді, ақырында мен дегеніме жеттім”,  – дейді Данэлия.

Аяқталуға жақын қалған 2017 жыл қазақ өнері үшін табысты болғанын айта кетейік. Жыл басында Димаш Құдайберген Қытайда өткен “I am a Singer” байқауында қытайларды аузына қаратып, бүкіл әлемге танылған еді. Димаш аталған жарыста екінші орынды иеленді. Ал өткен демалыста алматылық Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Дiти» жобасында жеңіске жетіп, қазақ елінің мерейін үстем етті.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас алғаш рет қос қызының суретін жариялады

«Музарт life» тобының серісі Серікболсын Кішкенбаев пен актриса Динара Бақтыбаева шаңырақ көтерді (фото)

Тәуекел Мүсілім марқұм әкесін есіне алып, көз жасын тоқтата алмады

Қазақстандық Данелия Төлешева мен ата-анасына Украина азаматтығын қабылдау ұсынылды (видео)

Талқылау