Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас алғаш рет қос қызының суретін жариялады

Қазан айында келіншегін таныстырып, 10 жыл бойы жасырған құпиясының құлпын ашқан Қайрат Нұртас тыңдармандарын тағы да бір мәрте қуантты. Феномен әнші алғаш рет қос бірдей қызының суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Алайда Қайраттың ресми парақшасында пайда болған суретте қыздардың бет жүзін көру мүмкін емес. Себебі әнші қос бірдей ханшайымымен теріс қарап тұрған суретін парақшасына жүктеген.

“Қыздың аты – қызыл алтын.
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын!” – деп бөлісті Қайрат.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың екі ұл, екі қызы бар. Бұл туралы тыңдармандар жақсы біледі, алайда әншінің өзі әлі күнге дейін балалары туралы айтқан емес. Кей адамдар, тіпті, Қайраттың қос қызы егіз деп ойлайды. Алайда Қайраттың бөлесі, қобызшы Ақерке Тәжібаева бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Мұқасан Шахазадев: Біз 26 жыл жүріп алған атақты өнерге енді келгендер алып жатыр (фото, видео)

Елімізге танымал «рэкетир» «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев Данэлия Төлешованы «Голос. Дiти» байқауындағы жеңісімен құттықтады

Нури мен Гули: Қайрат Нұртастың ата-анасы үнді әнін қазақша орындап шықты (фото, видео)

Талқылау