Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыйлығымды көруге үлгермей, перзентханаға кеттім": Ерке Есмахан күйеуінің туған күніне қандай сыйлық жасағанын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті. Бір апта бұрын екінші рет ана атанып, декреттік демалыста отырса да, сыйлық легі көп. Ең қымбат сыйлықты әншінің жолдасы берген көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұлдызды жұп жақында құны 90 миллион теңге тұратын көлік алды.

1Туған күніңе Рәке не сыйлады деп сұрап жатқандар аз емес. Айтып берейін. 20 қараша көлік келген күн естеріңізде ме? Жүр тауға апарып қайтайын көлігіммен деп мені алып шықты. Мәз болып мініп алдым. 

Таудан түсе сезгендей туған күнің кезінде босанып үйде отыратын боларсың, жүр сыйлығыңды алып берейін бүгін. Өзің таңдағаныңды қалап тұрмын" дейді", – дейді Ерке. 

Әншінің айтуынша, Райымбек Еркеге Cartier брендінің сағатын сыйға тартқан. 

Сондай-ақ әнші барша қыз-келіншектерге ана болу тілегін жеткізді.

“Бала емізіп отырған сайын шүкірлігім артады. “Әйелдің бақыты осы ғой” деймін. Шын ниетімен бала сүюді аңсап жүргендерге сәбилі болуын тіледім. Жанұялы жандарға балаларыңыздың дені сау болсын, шаңырақтарың тек молшылыққа толы болсын деп тіледім. Бұл өмірде бастысы – адам болып қалу. Қазақ болу. Қалғанының бәрі өткінші. Қазір күшті заманда өмір сүреміз. Барлығыңызға бай мұсылман болуларыңызды тіледім. Бәріңіз де ең жақсыға лайықсыздар. Осындай жүрекжарды тілегімді қабыл алыңдар”, – дейді әнші. 

Талқылау