Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмудиға күйеуі басқа жігіттермен клипке түсуге тыйым салған

Қайрат Нұртаспен бірге «Өкініш» фильмінде өнер көрсеткен Сиви Махмудидің ойы басқада. Сылқымға күйеуі біршама дүниеге қатаң тыйым салған көрінеді. Тығырыққа тірелген әнші, енді бейнеклипін де ойдағыдай таспалай алмай жүр.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Сиви Махмуди бейнеклипін таспалауға баяғыда кірісіп кеткен. Алайда, әншінің жары видеотуындыда Сивидің сүйіктісінің рөлін, жат біреу сомдамасын деген қатал талап қойған. Бұл қызғаныштың қандай түрі?!

Өзгелермен талай бейнебаянда, тіпті толық метрлі картинаға түсіп жүрген сылқымға, аяқ асты қызғаныш білдірген әншінің күйеуі ерекше ұсынысымен таңқалдырған.

«Күйеуімнің жан досы. Басқа жігіттерден қызғанғаннан кейін, досы түссін деп ұсыныс жасады. Өзі сымбатты, өзінің кішкене болса да өнері бар болғаннан кейін, осы жігітпен басты рөлде жігітім ретінде түсейін деп жатырмын», – деп түсіндірді Сиви.

Сюжет бойынша жарының жан жолдасымен көңіл жарастырған бейнеклипі «Кел жаным» атты әнге таспалануда.

Жіберіп алмаңыз:

Журналист Байсемізова “кәрі қыздарға” арнап тренинг өткізіп жүр (фото)

“Нағыз әнші”: Роза Әлқожаның анасы домбырамен ән шырқап, жұртты тәнті етті (видео)

Әйелінің бойы Қайрат Нұртасқа қарағанда ұзын ба?

Төреғалидің жары Толқынға арнаған әні қалың көрерменді жылатты (фото, видео)

Талқылау