Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Ақбота Керімбековаға: Мен текті әулеттен шыққандықтан ақ пен қараны ажырата аламын

Сиви Махмұди өнердегі әпке әріптесі Ақбота Керімбековаға әлі де өкпелі. Өмірін өзгертіп жібермесе де, жүрегіме қаяу салды дейді. Осы уақытқа дейін бірге жүрген адамым бұлай сыртымнан әңгіме айтқан емес дегенді айтты.

Сиви Махмұди өзін әнші емес деп атаған Керімбековаға қарсы дау айтты.

"Әпкем деп жүрген адамымнан мұндайды күтпедім. Отбасыммен дастархан басында отырған едік. Бұл сөзді естіп бәріміз үнсіз қалдық. Ата-анам да 60 жастан асқан адамдар. Өмірде осындай да болушы ма еді деп таңғалды. Олардың сыртынан сөз айтқан адам болған емес. Біз текті әулет болғандықтан мұның бәрін жүрекке ауыр алмаймыз. Дегенмен мұндай күтпеген едік", - деді әнші. 

Сиви осы ретте Меруерт Түсіпбаеваны мақтай жөнелді. 

"Сіздің осындайда туралығыңыз ұнайды. Тік мінезіңіз, адамның артынан емес, бетіне айтатын қасиетіңіз ұнайды. Бірақ бәрі сіз секілді емес. Мен өзім жақсы адамммын. Бірақ біреу ренжіте берсе, менде тасжүрекке айналуым мүмкін. Жүрегім қатайып кетуі мүмкін. Менің стилім, түрім басқа болғанымен мен нағыз қазақпын. Өзбекке еш қатысым жоқ. Мен қыпшақтың қызымын. Мен нағыз патриотпын. Орыс мектебінде оқысам да, қазақ тілін ұмытқан емеспін. Қазақылықты ұмытқан емеспін. Адамгершілікті де ұмытқан емеспін", - деді Махмұди. 

Әнші өмірде ғана емес, өнерде де шығынға ұшыраған кезеңдері болғанын айтады. 

"Мен Жанар Хамитовадан бұрын үш жігітке продюсерлік еттім. "Саламат" тобын дайындадым. Оларды киіндіріп, пәтерін төлеп, тамағын тауып, сонша ақша салғанда олар тарап кетті. Оларға дайын нәрсе бермей, аш ұстау керек екенін түсіндім. Алда жобаларым болып жатса, осыны ескеремін. Менің жоспарым орындалмады. Қазір сол топты құрғаныма, уақытымды жоғалтқаныма өкінемін. Енді продюсерлікті қолға алмаймын деп шештім. Әбден тәжірибе алдым", - деді ол.


Сиви Махмұди: Әлдебір нәрсеге ренжіп қалғаным үшін күйеуім қымбат көлік сыйлады


 

Талқылау