Сиви Махмұди: Әлдебір нәрсеге ренжіп қалғаным үшін күйеуім қымбат көлік сыйлады
Сиви Махмұди Меруерт Түсіпбаевамен шай іше отырып, шынайы сұхбаттасты. Сиви отбасылық қатынастарын, шоу-бизнеске қатысты жобалары жайында айтты.

Бұл туралы Керек кісі арнасында айтылды.
Сиви Махмұди отбасында биязы, өзін салмақты ұстайды. Дегенмен отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дегенді айтты. мұндайда әнші мінез көрсететінін айтады.
"Бірде күйеуіме қатты ренжіп сөйлеспей қойдым. Біраз уақыт сөйлеспей қойып едім, ол маған қымбат көлік сыйлады. Ол менің армандап жүрген көлігім еді. Соны әперген соң татуласып кеттік. Әйел заты сыйлық алғанды жақсы көреді ғой. Бірден ренішімді ұмытып кеттім", - деді Сиви.
Әншінің айтуынша, әйел адам әр күні құбылмалы болмаса, ер азамат жалығып кетеді деген пікірде.
"Егер үнделікті бір қалыппен жүре беретін болсам, ер азамат одан шаршап кетеді. Сондықтан әр кезде мінезіңді көрсетіп, арасында құбылып тұру керек", - деген кеңесін айтты.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн