Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Израиль мен Ливанға бармауды ұсынды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ru.sputnik.kg

Сыртқы істер министрлігі өңірдегі жағдай тұрақтанғанша аталған екі елге бармауды сұрады. 

"Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына осы аймақтағы жағдай тұрақтанғанша Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуды ұсынады. Қазіргі уақытта осы елдерде жүрген Қазақстан азаматтарына аса қажет болмаса үйлерінен шықпауды сұрады. Сондай-ақ күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауды, қырағы әрі сақ болуды, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруды ұсынды. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның Израиль және Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұрайды", – делінген хабарламада.



Ақпаратқа сәйкес, қосымша және уақтылы ақпарат алу мақсатында жоғарыда аталған елдердің аумағында орналасқан Қазақстан азаматтары мен олардың туыстары үшін жедел байланыс желілері ашылды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің байланыстары:

+7 7172 720111 (кезекші дипломат)

+7 705 4433332 (Қазақстанның Израильдегі елшілігінің ұялы телефон, WhatsApp байланыстары)

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (Қазақстанның Ливандағы елшілігінің ұялы телефон, WhatsApp байланыстары)

+ 961 04 713 447 (кезекші)

+ 961 70 069 977 (ұялы телефон, WhatsApp)

+ 961 71 116 004 (ұялы телефон, WhatsApp)

Еске салайық, Израильдің Мадждал-Шамс ауылына түскен зымыраннан 12 бала мен қаза тапқан еді. Бұл қастандыққа Израиль тарапы "Хезболла" радикалды исламдық тобын айыптады және бұған міндетті түрде жауап беретінін ескертті. 

Сондай-ақ Израиль әскері  "Хезболла" радикалды исламдық тобының қолбасшысын өлтіру мақсатында Бейруттің оңтүстік шетіндегі аудандарға шабуыл жасаған еді. Салдарынан 74 адам жараланып, 4 адам қаза тапқан. 

Талқылау