Италияда тарихи ескерткішке есімін қашап жазған қазақстандықты босатып жіберген
Дипломатиялық ведомство шетелде тәртіп бұзған қазақстандық азаматтың босатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura
“Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазған отандасымыз ұсталды. Құқық қорғау органдары барлық қажет рәсімді орындаған соң ол босатылды. Әрі қарай іс әкімшілік жолмен сотта қаралады", – деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Айта кетейік, 22 маусым күні таңертең қазақстандық турист Италиядағы Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің ежелгі қабырғасында ALI сөзін жазғаны үшін ұсталған еді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"