Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Қазақстандық Covid-19-ға қарсы вакцинаны жаппай өндіру 2021 жылдың ақпан айында басталады

Қазақстандық ғалымдар 2021 жылдың ақпан айында коронавирусқа қарсы вакцинаның жаппай өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы  ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен бірлескен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Қазақстанда біздің ғалымдар да вакцина әзірлегенін хабарлағым келеді. Олар сынақ процедураларын енді бастап жатыр. Біздің ғалымдар ақпан айында осы вакцинаның жаппай өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Ол қазақстандық делегацияның Мәскеуге сапары кезінде Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "СК-Фармация" Ұлттық бірыңғай дәрілік заттар дистрибьюторы арасында ресейлік вакцинаны жеткізудің кепілді көлемі туралы меморандум жасалғанын еске салды.

2020 жылдың маусым айында Жамбыл облысында вакциналар, соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы биофармацевтикалық зауыттың құрылысы басталды. Құрылысты 2020 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда, зауыт жыл сайын 60 миллион дозаға дейін биофармацевтикалық препараттар шығарады.

Талқылау