Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сирияға кетіп қалмаңыздар": Арман Қуанышбаев еліміздегі танымал имамның сеніміне күмәнмен қарайтынын айтты

Еліміздегі танымал имам Арман Қуанышбаев алматылық әріптесі, құран тәпсіршісі Ерлан Ақатаевтың сеніміне күмәнмен қарайтынын айтты. Кентаудағы медресе басшысы Ақатаевтың уағыздарын тыңдап жүріп бір күні Сирияға мылтық арқалап кетіп қалмайық, дейді имам.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақтың маңдайалды жұлдыздарынан бастап жұрт уағыздарын сүйсіне тыңдап жүрген Ерлан Ақатаев Алматыдағы мешіттердің бірінде аптасына екі рет уағыз айтады. Ақатаев та, Арман Қуанышбаев та – мүфтияттың ғалымдары. Алайда Қуанышбаев әріптесінің сеніміне күмәнмен қарайтынын айтып қалған.

«Ертең Дарын сияқты алданып қалмаңыздар.Күшті-күшті жылататын сөздер айтып, ертең Сирияға мылтық арқалап кетіп қалмаңыздар», - дейді Қуанышбаев желіде тараған видеода.

Осы видеодан кейін дінде жүрген азаматтар Ақатаевтың сеніміне қатысты алаңдаушылық білдірге бастаған.

Ал мүфтияттағылар Ерлан Ақатаевтың теріс көзқараста еместігін, мүфтияттың сынағынан өткен, исламның құндылықтарын насихаттап жүрген дін қызметкері екенін айтты.

«Ерлан Ақатаев болсын, Арман Қуанышбаев болсын, екеуі де діни басқарманың бұйрығымен діни басқарманың аясында жұмыс істеп жатқандықтан, екеуінің де уағызын тыңдауға болады деп айта аламыз. Яғни екеуінің көзқарасы, сенімі, нанымы діни басқарманың ұстанымына сай келгендіктен, бөліп-жара қарай алмаймыз. Екеуінікі де дұрыс деп айта аламыз», - дейді ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен қатар діни басқармадағылар алдағы уақытта екі имамды кездестіріп, талас тудырған мәселенің талқыланатынын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу

Алматы облысында полиция басшысы балағаттаған аудио үшін қызметінен кетті

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Марат Кұштыбаев қызметінен босатылды

Бокстан әлем чемпионатынан тағы да шеттетілді: Левит экваторлық спортшыдан жеңілді

Бұл әлем чемпионаты - Левиттің мансабындағы үшінші чемпионат

Қайрат Нұртастың әйелі қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды

Желі қолданушысы: Еріккеннің бәрі қыз ұзататын болған ба?

100-200 теңге: Алматы әкімдігіндегі тамақтың бағасы көпшілікті таңғалдырды

Асханадағы тамақ бағасы 200 теңгеден басталады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр