Бір әулеттің адамдары: 11 адам Сырдария өзеніне батып кетті
Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде он бір адам батып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сегіз адамның денесі табылды. Олардың үшеуі кәмелетке толмаған. Қалған үш адамды іздеу әлі де жалғасуда.
Олар жол көпірінің жанында шомылу үшін белгіленбеген жерде батып кеткен.
Адамдарды іздеу үшін 144 адам, 16 бірлік техника, алты жүзу құралы және дрон жұмылдырылды.
Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылған.
Қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды. Суға кеткендердің барлығы 4 ағайындының отбасы мүшелері, олар тыйым салынған жерге шомылуға барған.
Олардың баршасы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады