Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер тамыз айының ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК директоры ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Қазақстанда тамыз айында ауа-райының қандай болатынын айтты.

Тамызда ауа массалары жиі өзгереді. Ауа-райы ыстық және құрғақ болып, салқын және жаңбырлы күндермен алмасады. Жарияланған болжамдарға сәйкес, Қазақстанда 2020 жылғы тамыздағы температура «қалыпты шектерде» болады.

Бұл дегеніміз солтүстікте +17 - +22 градус, оңтүстігінде +27 - +29 градус, батыста және шығыста +23 - +27 градус. Республика бойынша ауа райы құбылмалы болады - аптап ыстық болады, жаңбыр жауады.

СҚО, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, БҚО, Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын нормадан жоғары деп болжанды. Нұр-Сұлтанда тамыздағы орташа температура +19 градус болады. Алматыда орташа температура +23 градус шамасында болады деп күтілуде.

«Қазгидрометтің» болжамдары бойынша қыркүйек айында Қазақстанда күн жылы болады - жауын-шашын әдеттегіден аз болады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазгидромет келесі демалыс күндеріне арналған болжамды жариялады - 25 және 26 шілдеде, көптеген аймақтарда жаңбыр жауады. Қазақстан облыстарының бірінде +43 градусқа дейін күн ыситыны хабарланды.

Талқылау