Синоптиктер: Елімізге аязды күндер қайта оралады
Қазгидромет 2021 жылғы 12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер аязды күндер қайтадан оралатынын болжайды.
"Кезеңнің басында Атлантикалық циклон елдің басым бөлігінде жауын-шашын әкеледі: солтүстікте – жаяу бұрқасынмен қар, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде. Содан кейін елдің басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон жылжиды. Осыған байланысты, кезеңнің соңына қарай ауа райы ашылып, температура төмендейді деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста – көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі", - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды