Синоптиктер елімізде қатты дауыл соғып, бұршақ жауатынын ескертті
Ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Республиканың батысында, оңтүстік батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал, бұршақ жауып, дауыл болуы күтіледі.
Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар