Синоптиктер елдегі ірі қалаларда 15 шілде күні +42°C-қа дейін аптап ыстық болатынын ескертті
Қазгидромет еліміз бойынша 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер сәрсенбі күні аптап ыстық болатынын ескертуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазгидромет мамандары ыстық пен жоғары өрт қаупі сақталатынын алға тартты.
- Астана қаласында ауа температурасы +35…+39°C болады. Найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
- Алматы қаласында ауа температурасы +35…+37°C болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
- Шымкент қаласында ауа температурасы +40…+42°C болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Кейбір өңірлерде найзағай, қатты жел, шаңды дауыл және бұршақ жаууы болжануда.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды