"Сыныптасыма қайтару үшін алып келдім": Шымкенттік оқушылар өздерімен бірге мектепке тапанша әкеп жүр
Шымкент қаласының мектептерінің бірінде оқушы мектепке тапанша алып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: elitar.kz сайтынан
Тәртіп сақшыларының "Жасөспірім" рейдтік әрекетінің нәтижесінде 9 сынып оқушысының сөмкесінде травматикалық тапанша анықталыпты.
"25 және 30 қараша аралығында мектептерде "Жасөспірім" рейдтік әрекеттері жүргізілді. Оның басты мақсаты кәмелетке толмаған балалардың арасында қылмыс әрекеттерін алдын алу. Тексеріс барысында қаладағы мектеп оқушыларының бірінің сөмкесінде қару анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - деді ювеналды Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының басшы қызметін атқарушы Батырхан Алиев.
Жасөспірім полиция басқармасына жеткізілген. Ол жерге баланың ата-анасы да шақырылыпты. Айтуынша, бозбала тапаншаны өзінің сыныптасынан алып, мектепке оны қайтару үшін алып келген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады