Әлемде коронавирусқа қарсы антиденелері бар сәби дүниеге келді
Сингапурлық әйел дүниеге ұл бала әкелген. Дәрігерлер баланың бойында COVID-19-ға қарсы антиденелер бар екенін анықтаған. Бұл туралы жергілікті The Straits Times газеті жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, 31 жастағы Селин Нг-Чан жүктілік кезінде коронавирусты жұқтырған сингапурлық әйелдердің бірі. Оныншы аптада оған COVID-19 диагнозы қойылды. Кейінірек 7 қарашада Нг-Чанның Алдрин атты ұлы дүниеге келді. Балада вирусқа қарсы антиденелер бар екендігі анықталды.
Анасының айтуы бойынша, педиатр дәрігер оған өзінің бойынан SARS-CoV-2 вирусына қарсы антиденелердің жоғалғанын айтты. Дәрігерлер антиденелер анасынан жаңа туған нәрестеге берілген деп болжайды. Дәрігерлер Алдриннің коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті бар деп санайды.
Газеттің хабарлауынша, Нг-Чанның ұлы - жүкті ананың ауруынан кейін антиденемен дүниеге келген алғашқы ресми тіркелген бала.
Қазақстанда қарыз алушы қайтыс болса, оның банктегі несиесін кім өтейді?
Мұрагерлер қандай жағдайда қарызды өтеуге міндетті және ипотекадағы пәтердің тағдыры қалай шешіледі
Бензин құйғаннан кейін көлігі бұзылған қазақстандық шығынға батса да, өтемақы ала алмады
Сапасыз бензиннен көлік бұзылса, шығынды кім өтейді?