"Сынамасыз 5 рет екпе салған": Ауруханаға жатқан қыздың денесі адам шошырлықтай күйіп кеткен
Ауруханаға жатқан қыздың денесі қара болып күйіп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасап.
Жоғарғы дене қызуымен ауруханаға түскен Диана есімді кішкентай қыздың анасы, қызыма сынамасыз 5 рет екпе салып, денесін дәрігерлер күйгізіп жіберді деп отыр. Қызылша болып қалды деп ауруханаға жатқызылған бүлдіршін төрт күннен кейін денесі толығымен күйіп кетіп, терісі түсіп қалған. Қазір ойын баласы күн көзіне шыға алмай қиналып жүр. Бұл туралы Диананың анасы толығымен айтып берді.
"Мен таңертең жұмысқа барайын деп жатқанмын. Әкем баланы көріп келші деді. Барып қарасам, үстінде дақтар пайда болыпты. Кейін жедел жәрдеммен ауруханаға апардық. Қызымды өздері қабылдап алды, мені кіргізбеді. Қызымды далаға шығармайтын, тамағын медбикелер арқылы беріп жіберіп жүрдік. Дәрі салып жатыр деп айтатын телефонмен сөйлескенде. Төрт күннен кейін "Қызыңыз өліп қалды" деп хабарласып тұр. 5 рет сынамасыз екпе салған екен", - дейді Диананың анасы.
Алайда, дәрігерлер біз қыздың дене қызуы жоғары болған соң қолдан келгеннің барлығын жасап, бетін бері қараттық. Алдын ала қызылша деп болжаған едік, кейін лайелла синдромы екені анықталды. Бұл аурудың қиын түрі болғандықтан терінің түсуі қалыпты үрдіс дейді олар. Ал қыздың денесі қара болып күйіп кетуі аршылған теріге жағылған жақпа майдан деп түсіндірді мамандар.
"Баланы 17-сі күні шұғыл жедел жәрдеммен алып келген. Алдын ала қызылша диагнозы қойылды. Бетінде, денесінде бөріткен болған. Екі күн бақылап, антибактериалды терапия жасадық. Сынама алынған. Біз барлық науқасқа солай жасаймыз. Содан төртінші күні баланың қанын алып, балының ауруының белгілері өзгергеннен кейін, аллерголог маманды шақырдық. Сонымен синдром лайелла деген күрделі диагноз қойып, жансақтау бөліміне ауыстырдық. Ол жерде 20 шақты күн жатты", - дейді Ержан Сералин есімді қалалық балалар ауыруханасының бас дәрігері.
Ал қазір Диананың атасы мен әжесі және анасы несиеге батып кеткен. Үйдегі бар затты саудалап біткен ата-ана перзенттің жағдайын ойлап зар жылап отыр. Күніне 10 мыңға дәрі алып кішкентай қыздың жанын алып қалып отырмыз дейді олар.
Күйіп қалғанда алғашқы көмек көрсету: не істеуге болады және болмайды