Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйіп қалғанда алғашқы көмек көрсету: не істеуге болады және болмайды

Күйік - бұл терінің және тіндердің зақымдануы, ол жоғары температураның әсерінен пайда болады, мысалы, ыстық затқа  денені тигізу, теріге қайнап тұрған суды төгіп алу.

Бірақ басқа жолмен де күйіп қалуға болады. 

- Сәулелену. Оның кесірінен күн астында күйіп кетеміз немесе жасанды қыздырыну аппаратын қолданудың артық мөлшерінен зардап шегеміз.

- Химиялық заттар.

- Тұрмыстық химиялық заттарды қауіпсіз жерде сақтаған абзал және оларды қорғаныш киімді: қолғап, алжапқыш және көзілдірікті қолданып жұмыс жасау керек.

- Үйкеліс. Сондықтан арқанмен абайлап түсу керек.

- Электр энергиясы. Электр жарақаттары аса қауіпті: олар ауыр күйіктермен тіндерге әсер етеді.

Күйіп қалған жағдайда не істеу керек

Қандай күйік болса да, бірдей әрекет ету керек.

1. Күйуді тоқтатыңыз

Алғашқы көмек туралы оқулықтарда бұл «зақымдайтын факторларды жою» деп аталады. Бұл адамды, мысалы, қайнаған ыстық судың астынан немесе қышқыл ортадан мүмкіндігінше тезірек шығару керек дегенді білдіреді. Солай екені белгілі болса да, дүрбелең сәтте кез-келген нәрсе болуы мүмкін.



Егер сіз біреуге көмектесіп жатсаңыз, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді тексеріңіз. Яғни, өзіңіз қайнаған ыстық судың астында қалмайтындығыңызға және қышқыл ортаға түспейтіндігіңізге көз жеткізіңіз.

2. Қажет болса, дәрігерге жүгініңіз

Жедел жәрдемді шақыруды ұмытпаңыз, егер:

  • Жарақат электр тоғының әсерінен болса.
  • Химиялық күйік болса.
  • Үшінші дәрежелі күйік және одан да жоғары болса, яғни тері күлдіресе, олар бір үлкенге біріктірілгенде, күйік аймағындағы тері қоңыр немесе қара, құрғақ және сезімталдығын жоғалтқанда.
  • Дененің беткі қабатының 10% асатын кез-келген дәрежедегі күйіктер. Оның көлемін нақты анықтау үшін зардап шегушінің алақанының мөлшерін басшылыққа алыңыз. Бір алақан - дене аймағының шамамен 1% құрайды.
  • Бала немесе 70 жастан асқан қарт адам күйіп қалған жағдайда.

Егер күйік жеңіл, бірақ диаметрі бес сантиметрден асатын болса, жедел жәрдем шақырудың қажеті жоқ. Дегенмен ауруханаға барып, дәрігерге қаралған жөн.

3. Күйік жараға салқын басыңыз

Зардап шеккен аймақты салқын судың астына шамамен 15-20 минут қойыңыз. Су мұзды болмауы керек.

4. Күйік жараны құрғақ әрі таза дәкемен таңып, байлаңыз

Дәке зарарсыздандырылған болса жақсы. Оның мөлшері күйікті толығымен жабатындай болу қажет. Дәкені тым қатты тартып, байламаңыз.

5. Ауырсынуды басатын дәрі қабылдаңыз

Зардап шеккен адамға парацетамол, ибупрофен немесе нимесулидке негізделген кез-келген дәрі көмектеседі.

6. Сусын ішіңіз

Зардап шеккен адамға мүмкіндігінше көп сусын ішу керек, өйткені күйік, тіпті кішкентай болса да, айналымдағы қан көлемін азайтады. Жылы және тәтті сусын ішуіңіз керек, мысалы, шәй, компот.

Не істеуге болмайды

Зардап шеккен аймаққа жақпа қолдануға болмайды.

Сонымен қатар, жұмыртқа, май, қаймақ және басқа барлық заттарды пайдаланбаған абзал. Себебі, олар жараның тартылуын баяулатады, дәрігерлерге жараны емдеуге кедергі келтіреді және жараға бактериялар түсіп кетуі мүмкін.

Егер күйік жарасы терең болмаса, хлоргексидинмен зарарсыздандыруға болады.

Сондай-ақ, тері онсызда зақымдалып тұрғандықтан, оны одан әрі ушықтырып алмас үшін жарақаттың бетіне мұз қоймаңыз.

Қандай жағдайда дәрігер көмегіне жүгінбеуге болады

Үйдегі жеңіл жарақаттарды өз бетіңізбен емдеуге болады. Жеңіл жарақат дегеніміз - бұл күйіктен тек қызару немесе бірнеше күлдіреулер пайда болған және зардап шеккен аймақтың диаметрі бес сантиметрден аспайтын жағдай.

Бұл жағдайда сіз ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауыңыз керек, көп мөлшерде сусын ішіп, құрамында декспантенол бар арнайы спреймен жараны зарарсыздандыру қажет. Декспантенол жараның тез жазылуына көмектеседі және спрей түрінде жараға жағу ыңғайлы болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр