Симптомсыз науқастар санының өсуі вирустың вируленттілігі төмендегенін білдіреді - Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Лязат Ақтаева Covid-19 коронавирусының симптомсыз тасымалдаушылары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, мамандар коронавирусы бар симптомсыз пациенттер санының артуы вирус қоздырғышының вируленттілігі, яғни оның агрессиясы төмендеуі мүмкін екенін білдіретінін атап өткен.
"Инфекция жаңа, жақсы зерттелмеген. Мұнда маңызды: біріншісі - алдын алу, КВИ-ді болдырмау. Бұл тағы да сол санитарлық нормалар. Екінші мәселе, егер инфекция пайда болса, онда медициналық бақылау және қажетті емнің толық мөлшері, егер көрсетілімдер болса", - деді брифингте Лязат Ақтаева.
ДСМ өкілінің сөзінше, жағдайды тұрақтандыру және коронавирустың одан әрі өсуіне жол бермеу үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жүйелі шаралар қабылдайды. Бұл жерде әңгіме бірқатар өңірлерде 20-21 маусым аралығында карантинді қатаңдату туралы болып отыр.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі