Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған соққысына қатысты пікір білдіруден бас тартты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған соққысы туралы көзқарасын білдіруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сонымен қатар “АҚШ пен Ұлыбритания шабуылынан отандастарымыз зардап шеккен жоқ па?” деген журналист сұрағына Айбек Смадияров “Йемен консулдығында тіркелген қазақстандықтар мүлдем жоқ” деп жауап берді.  

“Йемендегі консулдық есебінде бірде-бір қазақстандық тіркелмеген. Сол себепті зардап шеккен азаматтар турады ақпарат та жоқ”, – деп түсіндірді ол.  

2024 жылғы 12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтерге қарсы операция бастағаны белгілі болды. Ұшақ, кемелер мен сүңгуір қайықтардан зымырандармен шабуыл жасалды. 

Хуситтердің қарулы күштері өкілі Яхья Сарияның мәліметі бойынша, АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге 73 соққы жасады. Бес хусит сарбазы қаза тауып, алтауы жарақат алды. 

АҚШ президенті Джо Байден “Хуситтер Қызыл теңіздегі шабуылды тоқтатпаса, біз де бомбалауды тоқтатпаймыз” деп мәлімдеді

Талқылау