СІМ Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы туралы айтты
Қазақстанның сыртқы істер министрлігіндегілер 5 жылдан бері Қытай түрмесінде отырған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде Ақжарқын Тұрлыбай екінші аппеляциялық сотты күтуде.
Еліміздің сыртқы істер министрлігіндегілердің сөзінше, елшілеріміз Ақжарқынға барып тұрады. Олар Қытай түрмесінде отырған қызға ата-анасының хатын табыстайды. Сонымен қатар оған кітап сатып алып береді екен.
Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.
2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кетті.
Ақжарқын Тұрлыбай әлі күнге дейін сот шешімін күтіп отыр.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған