Атырау әкімінің орынбасары парамен ұсталды: Жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратты сегіз күннен кейін растады
Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталуына байланысты Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.
"Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпаратты жариялай алмаймыз", - деді Биғайдаров.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы хабарлаған еді. Сонымен қатар, шенеунік пара алғаннан кейін қаладан кетпек болған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі