Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жиі пара алатын министрліктер тізімі жарияланды

Қазақстанда жемқорлық азаймай тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің берген ақпаратына сай, биыл 7 айдың ішінде 541 адам осындай қылмыс ісі үшін сотталған. 

Көш басында ішкі істер министрлігі тұр. 151 қызметкері пара алып қолға түсті. Көбіне жол патрульді полициясының маманы жол ережесін бұзғандарға әкімшілік жаза қолданбағаны, жалған жүргізші куәлігін бергені үшін бармақбастылыққа барған. Екінші орында қаржы министрлігі, одан соң ауыл шаруашылығы, қорғаныс және денсаулық сақтау министрлігі тұр. 

Күні кеше қазақстандық БАҚ Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы хабарлады.

Елордада қорғаныс министрлігінің генерал-майоры сотталып жатыр. Әскери шенеунік пара алды деп айыпталуда. Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен үстінен қылмыстық іс қозғалды.

 

Талқылау