Сыбайлас жемқорлық: Алматыда процессинг орталығының басшысы ұсталғаннан кейін төрт полицей жазаланды
Алматыда процессинг орталығының басшысы ұсталғаннан кейін төрт полицей жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Процессинг орталығының бастығын ұстау бойынша мен құзырлы емеспін, себебі тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді. Иә, біздің қызметкерлер ұсталды, бізде тәртіптік комиссия болды, төрт басшы қызметінен босатылды", - деді брифингте Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Ол полициядағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың барлығы мұқият тексерілетінін атап өтті.
"Иә, бұл факт біздің қызметкерлерге сай емес, бірақ біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қай жерде болмасын анықтаймыз", - деп уәде берді ол.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар