Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбидің мәйітін ауыстырып жіберген оқиғадан соң перзентхананың орынбасары уақытша қызметінен кетті

Шымкент перзентханасында шетінеген шақалақтың мәйітін ауыстырып жіберген медбикенің қандай жауапкершілікке тартылатыны қызметтік тексеру жұмыстарынан соң белгілі болады.

789-1

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия мән-жайды анықтау үстінде, деп хабарлайды Астана арнасы.

Мұны кезекті еңбек демалысынан бүгін ғана оралған орталықтың бас дәрігері Гүлбану Сыздықова айтты. Болған жайтқа байланысты сондай-ақ, № 4 перинаталдық орталықтың емдеу ісі жөніндегі орынбасары уақытша қызметінен шеттетілгені мәлім болды.

“Қызметтік тексеріс жүргізу біткенше емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары уақытша орнынан шеттетілді. Тек қана қызметтік тексеріс біткенге дейін. Қызметтік тексеріс бітіп, сол тексеріс нәтижесі бойынша шара қолданылады. Мәйітті ауыстырып жіберген медбике қазір уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша жұмыста жоқ. Ол еңбекке жарамсыздық қағазынан шыққаннан кейін оның жауапкершілігі қаралады, заң көлемінде”, – дейді № 4 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлбану Сыздықова.

Алдын ала болжамға сүйенген бас дәрігердің айтуынша, сәбидің өлімі шала туылып, жетілмей қалғандығынан. Нақты себебі гисталогиялық сараптама жұмыстарынан соң анық болмақ. Еске салайық, өткен дүйсенбіде аталған перинаталдық орталықта шетінеген  шақалағының мәйіті ауысып кеткені жайлы айтқан едік.

Тіпті баланың нәсілі мен жынысы да бөлек болып шыққан. Қара жамылған отбасы бұл сорақылықты нәрестенің денесін жер қойнына тапсырар да бір-ақ біліп, полицияға арызданған.

Айта кетейік, аталған жайтқа қатысты ішкі істер қызметі қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде террорлық әрекетке барғандар ату жазасына кесілуі мүмкін

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған екі әйелді көлік басып кетті

Семейде жүк көліктерінен құралған ерекше той кортежі жүріп өтті (видео)

Талқылау