Шымкентте мешітте намаз оқып отырған ер адамның қалтасынан 4 миллион теңгесін ұрлап кетті
Облыстағы мешіттердің бірінде ұрлық орын алды.Зардап шегуішінің айтуынша, ол мешітке келіп, намаз оқып жатқанда, киімінің қалтасында қалған 4 миллион теңге қолды болған, деп хабарлайды TVK телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz.
Зардап шеккен ер адамның айтуынша, ол 15 ақпанда таңертеңгі 7:00 шамасында мешітке келіп, сырт киімін кіреберістегі киім ілгішке іліп, намаз оқуға кеткен. Бұл кезде оның сырт киімінің қалтасында 4 миллион теңге болыпты. Ол намазын аяқтап, мешіттен шыққаннан кейін қалтасындағы ақшаның жоғалғанын байқапты. Мұнан кейін е адам бірден полиция шақырып, шағымданған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, мешіт аумағында бейнебақылау камерасы орнатылған.
Оқи отырыңыз:
Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі
Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр
Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды
Тәрбиешісі балабақша маңында ұмытып кеткен 3 жасар қыз үсіп өлді