Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі жасар бала белгісіз жағдайда жоғалып кетті

Шымкентте екі жасар бала белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Оқыс жағдайға байланысты оның туыстары көпшіліктен көмек сұрауда. Әлеуметтік желі қолданушылары баланың жоғалғаны туралы ақпаратты таратуда.

2 жасар Әлинұр Гагарин көшесіндегі тойханалардың бірінен шығып, із түссіз жоғалып кеткен.

«Екі жасар Әлинұрды анасы әкесіне жіберген. Бала тойханадан шығып кетіпті. Біз байқамай қалдық. Арада бес минут та болған жоқ.Шығып қарасақ Алинұр жоқ. Біздің ойымызша баланы көлікпен ұрлап алып кеткен. Өйткені сол маңайдағы өзен суларды тексеріп шыққан құтқарушылар ешнәрсе таба алмады» — дейді Айгерім Ерманова.

Әлинұрдың бетінде тыртығы бар. Сол күні үстінде көк күртеше болды.

Куәгерлердің айтуынша бір әйел алып кеткен.

Жазба авторы баланы табуға көмектескен адамға сүйіншісі бар екенін жазған.

Бала туралы қандай да бір ақпарат білетін, көргендер болса мына нөмірлерге хбарласауына болады: 87710778000. 87763458664.

Тағы оқыңыз:

Ақтауда балалар қойылымындағы жанжалдың себебі анықталды

ШҚО Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды

Аягөзде су тасқынынан келген зардаптарды жою үшін, Өскеменнен көмек жасағы шықты

Алматылық жігіт әйгілі әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды шулатты (видео)

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр