Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)
Шымкентте дәмхана өртеніп, жалын дәмхананың жанындағы үйлерге өтіп кеткен.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Оқыс оқиға кешкі сағат алтылар шамасында қаланың орталығында болған. Байтұрсынов көшесіндегі “Мармелад” дәмханасынан от шығып, жалын сол аумаққа қауіп төндірген. Көптеген куәгер дәмханадағыларға көмектесудің орнына, видеоға түсіріп, желіге салған.
Артынша оқиға орнына өрт сөндірушілер арнайы техникалармен жетіп, жалынды ауыздықтаған. Өрт сөндірушілерге полиция қызметкерлері де көмектесті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Әзірге өрттің нақты шығу себептері айтылып жатқан жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді
Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды
Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті